Сондерс Головкинге арнап мәлімдеме жасады: Іске көшейік! - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сондерс Головкинге арнап мәлімдеме жасады: Іске көшейік!

Сондерс Головкинге арнап мәлімдеме жасады: Іске көшейік!

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) арнап мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

  • 24 Наурыз 2017
  • 474
Фото - Caravan.kz

Ұлыбританиялық боксшы қазақстандыққа бос сөйлей бермеу керек екенін айтты.

"Оған мына хабарламаны жолдаймын: "Барлық белбеуді алғың келетінін жалғастыра беруіңе болады. Бірақ сөзден іске көшетін уақыт келді. Менімен маусымда кездесесің немесе кездеспейсің. Менің атымды атадың, қуанышпен жекпе-жекке келісіп, өтінішіңді орындаймын. Уақытты бос өткізбей, бастайық", — деп келтіреді Сондерстің сөзін espn.com.

Айта кетейік, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін. Ол осыған дейін де бірнеше рет қазақстандыққа қатысты атышулы мәлімдеме жасаған болатын.