Соңғы 10 жылда есірткінің таралуымен күрес есірткі саудасының артуына алып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы 10 жылда есірткінің таралуымен күрес есірткі саудасының артуына алып келді

Соңғы 10 жылда есірткінің таралуымен күрес есірткі саудасының артуына алып келді

Есірткінің таралуымен күрес есірткі саудасының артуына алып келді, деп хабарлайды BBC Russian БҰҰ ғаламдық комиссиясының баяндамасына сілтеме жасап.

  • 2 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Баяндамада есірткінің таралуымен күрес есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмыстың күшеюіне алып келіп, салық төлеушілердің миллиондаған доллар ақшасын шығындап, мыңдаған адамның өмірін қиып отыр», — делінген BBC сайтында.

Сондай-ақ, агенттіктің хабарлауынша, баяндамада 1998-2008жж. аралығында құрамында апиыны бар заттарды тұтыну 35%-ға, кокаин тұтыну 27%-ға, марихуана тұтыну 8,5% -ға артқаны айтылған.

БҰҰ комиссиясының әлемде есірткінің таралуымен күрес бағыттары бойынша ұсыныстарында кейбір есірткі заттарын заңдастыру мүмкіндігі және нашақорларды қылмыстық қудалауды тоқтату туралы айтылған.

BBC-дің хабарлауынша, Ақ үй бұл баяндаманың қате екенін айтып, оның қорытындысын жоққа шығарды.

БҰҰ-ның Ғаламдық комиссиясының 19 мүшесі бар, олардың арасында БҰҰ-ның бұрынғы хатшысы Кофи Аннан, Мексика, Колумбия және Бразилияның бұрынғы президенттері, британдық кәсіпкер Ричард Брэнсон бар. Сонымен бірге, комиссияға АҚШ Федералды резервінің бұрынғы төрағасы Пол Волкер, Грекияның қазіргі премьер-министрі Георгиу Папандреу кіреді. Оның құрамына Латын Америкасының танымал жазушылары Карлос Фуэнтес пен Марио Варгас Льоса, ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі бұрынғы комиссары Ксавьер Солана және АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц та кіреді.

Соңғы жаңалықтар