«Баяндамада есірткінің таралуымен күрес есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмыстың күшеюіне алып келіп, салық төлеушілердің миллиондаған доллар ақшасын шығындап, мыңдаған адамның өмірін қиып отыр», — делінген BBC сайтында.
Сондай-ақ, агенттіктің хабарлауынша, баяндамада 1998-2008жж. аралығында құрамында апиыны бар заттарды тұтыну 35%-ға, кокаин тұтыну 27%-ға, марихуана тұтыну 8,5% -ға артқаны айтылған.
БҰҰ комиссиясының әлемде есірткінің таралуымен күрес бағыттары бойынша ұсыныстарында кейбір есірткі заттарын заңдастыру мүмкіндігі және нашақорларды қылмыстық қудалауды тоқтату туралы айтылған.
BBC-дің хабарлауынша, Ақ үй бұл баяндаманың қате екенін айтып, оның қорытындысын жоққа шығарды.
БҰҰ-ның Ғаламдық комиссиясының 19 мүшесі бар, олардың арасында БҰҰ-ның бұрынғы хатшысы Кофи Аннан, Мексика, Колумбия және Бразилияның бұрынғы президенттері, британдық кәсіпкер Ричард Брэнсон бар. Сонымен бірге, комиссияға АҚШ Федералды резервінің бұрынғы төрағасы Пол Волкер, Грекияның қазіргі премьер-министрі Георгиу Папандреу кіреді. Оның құрамына Латын Америкасының танымал жазушылары Карлос Фуэнтес пен Марио Варгас Льоса, ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі бұрынғы комиссары Ксавьер Солана және АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц та кіреді.