Соңғы 3 жылда 1000-нан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы 3 жылда 1000-нан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Соңғы 3 жылда 1000-нан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке араласуының жолын кесу туралы.

  • 22 Қараша 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысы туралы айтып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы 3 жылда осы бағытта 914 фактінің (2017ж. – 352, 2018ж. – 260, а. ж. 10 айында – 302) жолын кесті, 625 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, 318 сотталды.

Қабылданған шаралар 1000-нан аса кәсіпкердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді.

Негізінен заңсыз іс-әрекеттер парақорлықпен – 727 факт (79 %), алаяқтықпен – 77 (8%) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланумен – 36 (4%) байланысты.

Тіркелген қылмыстардың едәуірі Нұр-Сұлтан қаласында (112), Алматы (91), Түркістан (88), Қостанай (76), Атырау (73) облыстарында және Алматы қаласында (74) тіркелген.

Мұнда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуы жалғасуда.

Сондай-ақ, "ҚТЖ" ҰК АҚ-да да сыбайлас жемқорлық фактілері байқалады, мұнда жекелеген басшылар вагондарды кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара бопсалаумен айналысады.

Алматы ("Алтынкөл" темір жол станциясының бастығы және станцияның жүк бөлімшесінің бастығы), Қостанай (ҚТЖ облыстық филиалының директоры, оның орынбасары және т.б. тұлғалар), Ақмола (Көкшетау қ. станция бастығы), Қызылорда (жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Шолтабаев және т.б.) облыстарында мұндай фактілердің жолы кесілді.

Сонымен қоса, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері де кездеседі.

Өз кезегінде, Агенттік мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қысымды азайтуға және пәрменді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар іс-шараларды жүргізуде.

Мысалы, осы бағытты күшейту үшін Агенттік пен "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оған сәйкес жыл сайын кәсіпкерлікті дамыту үшін аса маңызды салаларда бірлескен талдаулар жүргізу бойынша Жол карталары қабылданады.

Бұл жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу және бизнесті дамыту.

Жол картасы аясында "Атамекен" ҰКП-мен 2019 жылы жер қатынастары, ветеринария, техникалық реттеу және сәйкестікті бағалауды аккредиттеу саласында бірлескен талдау жүргізілді.


Сондай-ақ, сәулет-қала құрылысы кеңестерінің, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және геопорталдардың жұмыс істеуі жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жасалды.

Әр мониторингтің нәтижелері бойынша талдау нысандарымен бірлесіп анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиісті жоспарлар әзірленеді және одан әрі олардың орындалуына тұрақты түрде бақылау жасалады.

Бұдан басқа, қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында Агенттік инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге арналған "Protecting business and investments" жобасын іске асыруда.

Жобаның ерекшелігі инвесторларды шенеуніктер тарапынан кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтардан қорғау.

Еліміздің барлық өңірлерінде тиісті фронт-кеңселер ашылды, жұмысы бизнес-жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған 140-тан астам лауазымды тұлғалар бекітілді.

Инвестор үшін жалғыз шарт – "сыбайлас жемқорлықсыз" — бизнесті адал жүргізу бойынша өзіне міндеттемелер алуды және оның кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті білдіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу отандық және шетелдік инвесторлардың жалпы сомасы 11,6 трлн теңгеден астам 345 жобасына қатысты жүзеге асырылады.

Ілеспе жобалардың 30%-ға жуығы шет мемлекеттердің қатысуымен (Нидерланды, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Ресей, Түркия, Германия, ҚХР, БАӘ, Корея, Польша, Малайзия және т.б.).

Ағымдағы кезеңде кәсіпкерлер мен инвесторлардың 576 өтініші тиісті көмек көрсету арқылы оң шешілді.

Осы ретте, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 21, тәртіптік жауапкершілікке 58 мемлекеттік қызметші тартылды, оның ішінде басшылар мен әр түрлі деңгейдегі әкімдер бар.

Соңғы жаңалықтар