Соңғы бір тәулікте елімізде әртүрлі жол-көлік оқиғаларынан 5 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы бір тәулікте елімізде әртүрлі жол-көлік оқиғаларынан 5 адам қаза тапты

Соңғы бір тәулікте елімізде әртүрлі жол-көлік оқиғаларынан 5 адам қаза тапты

Елімізде соңғы бір тәулікте әртүрлі жол-көлік оқиғаларынан 5 адам қаза тапты, олардың арасында екі жасар сәби де бар.

  • 2 Маусым 2003
  • 521
Фото - Caravan.kz

Тағы үш адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда көлік түрі анықталмаған бір жол-көлік оқиғасында жүргізуші 40 жастағы ер адамды соғып қашып кеткен. Әлгі адам оқиға болған жерде қайтыс болды.
Мазда айдаған тағы бір жүргізуші Алматыда жаяу келе жатқан үш жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан 20-25 жастар шамасындағы бір әйел мерт болып, екі әйел әртүрлі жарақатпен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Қызылордада тоғызыншы үлгілі ВАЗ автокөлігімен қақтығысу салдарынан 15 жасар жасөспірім мен 2 жасар бала көз жұмды.
Тағы бір жол-көлік апаты Оңтүстік Қазақстан облысында болды.
«Урал» мотоциклінің жүргізушісі «ГАЗ -31029» автокөлігімен соқтығысу салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханада қайтыс болып, автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар