Соңғы бірнеше жылда трансплантация бойынша елімізде 200 астам ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы бірнеше жылда трансплантация бойынша елімізде 200 астам ота жасалды

Соңғы бірнеше жылда трансплантация бойынша елімізде 200 астам ота жасалды

Алматыда Қазақстан хирургтарының VI конгресі өтуде. Оған АҚШ, Еуропа және Орталық азия елдерінің ғылыми, білім беру және медициналық мекемелерінен 100 астам маман қатысуда. 

  • 23 Сәуiр 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz


Конгресс аясында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына енгізу мақсатында отандық хирургия қызметін дамыту, азаматтардың денсаулығын нығайту және хирургиялық патологиядан болатын өлім-жітімді азайту мәселелері талқыланды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой бүгінгі конгресске тәжірибе алмасу мақсатында танымал шет ел мамандарының келгенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта шет елде оқып келуге емес, шет елдік мамандардың Қазақстанның клиникаларына келіп шеберлік сыныптарын өткізу жағына басымдық берілуде. Осылайша біз білімін жетілдірушілер санын едәуір арттыратын боламыз. Қазір адамның дене мүшелерін трансплантациялау әлемдік мәселеге айналып отыр. Қазақстанда бұған дейін бұл салада жылына санаулы ғана операция жасалып келді. Соңғы кездері бұл салаға мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Соның арқасында соңғы бірнеше жыл ішінде трансплантация бойынша елімізде 200 астам операция жасалды. Бұл жақсы көрсеткіш», — деді вице-министр.

Айта кетелік, конгресс барысында Алматыда жақын болашақта Халықаралық оташылар, гастроэнтерологтар және онкологтар Қауымдастығының (IASGO) дипломнан кейінгі білім орталығы ашылатындығы айтылды.