"Соңғы күндері өмірімде жағымсыз да көңіл қаларлықтай, жанға ауыр тиетіндей жағдайлар болды" - Гүлнұр Оразымбетова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Соңғы күндері өмірімде жағымсыз да көңіл қаларлықтай, жанға ауыр тиетіндей жағдайлар болды" - Гүлнұр Оразымбетова

"Соңғы күндері өмірімде жағымсыз да көңіл қаларлықтай, жанға ауыр тиетіндей жағдайлар болды" - Гүлнұр Оразымбетова

Гүлнұр Оразымбетова соңғы уақыттары өмірінде болып жатқан келеңсіз жайттарға ренішін білдірді. 

  • 13 Маусым 2018
  • 3729
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Соңғы 15 күнде өмірімде жағымсыз да көңіл қаларлықтай,жанға ауыр тиетіндей жағдайлар болды… Қалай ойлайсыз, қазір бір күндік көңілмен өмір сүретіндердің қатары көбейіп кеткен сияқты ма… Бір-біріне өкпелеп жүрген xалық… Өзін сенен жоғары қоятын кішкентай "тұлғалар"… Әліптің артын бақпай айғайға басатын "айғайшылар"… Бар кезінде қадірін білмеппіз-ау деп өкінген "өкінгіштер"…Күліп жүргеніңді күндейтін "күндестен"жаман "жамандар"….Неге өйтпейсіз,бүйтпейсіз деп ақыл айтушы "ақылшылар"…Көмектессең,бар болғасын көмектеспей қайтед дейд… Көмектеспесең,неге көмектеспейсің дейді. Айта берсем парақшамда орын жетпейтін сияқты…

Қасиетті Рамазан айы осындай жағдайлардан сабақ алуға, адам мен адамды жақындастыруға,татуластыруға, жақсыны асырып жаманды жасыруға себеп болар нағыз қасиетті ай ғой… Бірде жылап, бірде күліп… Ең жақын деген жақының бір күнде "алыстың алысы" болып шыға келсе,не дейсіз… Қойш… Бәрі жақсы болады деуге үйренген xалықпыз ғой,бірақ…


PS:Қымбатты ағайын-туыс,бауырлар,бүгінгі қадір түнінде жүрек тыныш,көңіл алаң болмасыншы.🏻 Жақсылық атаулы жаныңызда болсыншы. Арман-мақсат,тілектеріңіз қабыл болсыншы. САБЫР!!!! Бәрі жақсы болады!!! Сеніңіз", деп жазды.