Соңғы мәліметке сәйкес Қырғызстанда жер сілкінісінен 72 адам қаза тапқан - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі
![]() |
Бішкек. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында жер сілкінісінен 72 адам қаза тапқан, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Каратаевқа сілтеме жасап. |
Қаза тапқандардың бәрі де Нұра ауылының тұрғындары.
"Қазіргі жағдаймен 38 адам көшірілді, олардың 14-і Ош облысының Сары Таш ауылына жеткізілген. Басқалары Ош облыстық біріккен клиникалық ауруханасына жеткізілді. Зілзала аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Арнаулы рейспен шатырлар, пештер, дизельдік отын мен дәрі-дәрмек жеткізілді",- деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін