«Астанаға 76 мыңдай шетел азаматы келген. Оның ішінде 15 000 алыс шетелден келген азаматтар. Көбінесе жеке сапармен, саяхатқа келіп жұмыс істейді. Ал, заң бойынша олай болмауы керек. Олар 5 жылдың ішінде Астана түгілі Қазақстанға да кіре алмайды. Біз заңсыз келушілердің бір тобына осындай әкімшілік жаза қолдандық», — деді Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Орал Әділбаев.
Он айдың ішінде көші-қон туралы заңды бұзған 6 мыңнан астам жағдай анықталып, 193 шетел азаматы елден шығарылған. Ал, 91-і қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жұмыс іздеп келушілердің көбі ТМД елдерінен сапарлайды екен. Олардың басым көпшілігі құрылыста, сауда-саттық пен халыққа қызмет көрсету салаларында нәпақа табады.