Соңғы қоңырау онлайн соғылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы қоңырау онлайн соғылады

Соңғы қоңырау онлайн соғылады

Биыл 25 мамырда барлық мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады.

  • 21 Мамыр 2020
  • 45
Фото - Caravan.kz


1 мен 10-шы сыныптарға арналған сынып сабақтары да осындай режимде өтеді. Онда әр сынып бойынша жыл қорытындысы шығарылады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, сынып жетекшілері оны қай уақытта, қалай өткізетіндерін өздері шешеді. Ал, маусымның 3-і мен 4-і күндері барлық түлектерге аттестат тапсырылады. Оны ұйымдасқан түрде және талаптарды сақтай отырып өткізу керек. Айта кетейін, биыл түлектердің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Іс-шараларға ата-аналардан бір тиын да жиналмауы тиіс. Оған директорлар тікелей жауап береді. Сондай-ақ, әртүрлі агенттіктер, жекеменшік студиялар мен аниматорлар шақырылмайды. Мерекелік дастарқан деген атымен болмауы керек. Ал, автомобиль жалдап, түлектердің топ болып қаланы аралауына жол бермеу үшін  ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп бастапты.

Соңғы жаңалықтар