Соңғы төрт жылда Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жылына 10-15 процентке арта түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы төрт жылда Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жылына 10-15 процентке арта түсуде

Соңғы төрт жылда Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жылына 10-15 процентке арта түсуде

Соңғы төрт жылда Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жылына 10-15 процентке арта түсуде. Бұл туралы бүгін, 22-қазанда Алматыда ашылған Чехия компанияларының көрмесінде Қазақстан Республикасындағы Чехия елшілігінің сауда-экономикалық бөлімінің бастығы Ян Крс хабарлады.

  • 22 Қазан 2003
  • 389
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2002-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 80 млн. долларды құраса, оның 50 млн. долларын чехиялық экспорт, ал 30 млн. долларын қазақстандық импорт иемденген.

Сондай-ақ, дипломаттың айтуынша, Қазақстан мен Чехияның өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге «қосымша резервтері» бар. Осындай шаралардың қатарына бүгінгі тектес көрмелерді де қосуға болады. Осы орайда Ян Крс Өскемен машина жасау зауытында «Шкода» автокөліктерін құрастыру жоспарын еске салып өтті. Дипломаттың айтуынша, бұл жоба бойынша екі жақтың келіссөздері қазір табысты жүргізіліп жатыр. Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге тараптар биылғы жыл соңына дейін қол қойып, алдағы жылдың бірінші тоқсанында монтаждау жұмыстары басталуы мүмкін,- деді Ян Крс.
Қазір елімізде Қазақстан-Чехия бірлескен сауда саласындағы 20 кәсіпорын, ал өндірістік бағыттағы 5 кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар