"Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы шындықты жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы шындықты жариялады

"Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы шындықты жариялады

Меруерт Түсіпбаева жасырып жүрген сүйіктісі жайлы шындықтың шетін шығарды. 

  • 25 Тамыз 2021
  • 2104
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші Алматы телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Жақында 50 жасқа толған өнер иесі өмірге деген көзқарасының өзгергені жайлы айтты. Әнші Түсіпбаеваға ақша, байлық, дүние мүлде қызық емес.

"Әдемі телефон, бриллиант… 50-ге келгенде адамға ештеңе керек емес. Балам “Range Rover ал” дейді. Мен одан да сол ақшаны үнемдеп, сені оқытайын дедім. Иә, міне аламын. Бірақ ол маған керек емес", — дейді Түсіпбаева.

Өнер иесі ел ішіндегі жел сөздерге таң қалатынын жасырмады. 

"Ойға қонымсыз, осы баланы туған жоқ қой, асырап алды деген сөздер болды. Неге адамдар солай айтты екен деп қатты ойланып қалдым, таңғалдым", — дейді Меруерт.

Сондай-ақ жеке өміріне қатысты біраз құпияны жария етті. 

"Құдайға шүкір, өмірімде сүйікті адамым бар. Ол телефонның ең соңғы нұсқасын сыйлады. Оны әлі ашқан да жоқпын, қызықпаймын. Алтын сыйлады. Қонақ шақырып, біраз шығындалдым. Соған өзінің демеуін жасады.


Қазіргі уақытта мен ештеңеге қызықпаймын. Маған автокөлік сыйласа да, қызық емес. Қазір сондай сәттемін, материалдық заттар қызық емес", — деп ағынан жарылды елуді еңсерген әнші.

Бұл ретте өнер иесі отбасылық өмірде сәтсіздікке ұшыраған әншілерге сын айтатын халыққа өз үндеуін жолдады.

"Біздің әріптестерімізге халық "күйеуге шыққыш екенсің" деп тиіседі ғой. Бірақ әр әйел бақытты болуға лайықты. Ол әнші ма, биші ма, күйші ма, ол қарапайым адам ба? Әр әйел бақытты болғысы келеді. Ешқандай әбестік көрмеймін. 5 рет шықса да, бақытты болса болды емес пе?" — деді ол.

Соңғы жаңалықтар