"Соңғы рет анасына күліп түскен суретін жіберген": Америкада өз-өзіне қол салып қаза болған қазақ қызының өліміне қатысты тың дерек пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 484.37
  • 531.06
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Соңғы рет анасына күліп түскен суретін жіберген": Америкада өз-өзіне қол салып қаза болған қазақ қызының өліміне қатысты тың дерек пайда болды

"Соңғы рет анасына күліп түскен суретін жіберген": Америкада өз-өзіне қол салып қаза болған қазақ қызының өліміне қатысты тың дерек пайда болды

Америкалық азаматтар асырап алған Динара есімді қазақ қызының өлімін көпшілік ауыр қабылдап жатыр.

  • 7 Қазан
  • 80
Фото - Caravan.kz

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз Динараның туған анасына суыт хабарды естіркенін жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Соңғы екі-үш күн бойы жүрегім ауырып, жаман болып жүр едім, күздің әсері болар деп ойлағанмын, деді Динараның туған анасы. Сездірткен екен ғой… Соңғы рет Динара туған анасына күліп түскен суретін жіберіп, менде бәрі жақсы депті… Жаманат хабарды жеткізу қандай ауыр», — деп жазды ол.