Соңғы рет көріп тұрғанымызды сезбеппіз - Асанәлі Әшімовтың өмірінің соңғы күндеріндегі видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы рет көріп тұрғанымызды сезбеппіз - Асанәлі Әшімовтың өмірінің соңғы күндеріндегі видеосы тарады

Соңғы рет көріп тұрғанымызды сезбеппіз - Асанәлі Әшімовтың өмірінің соңғы күндеріндегі видеосы тарады

Танымал ақын Қалқаман Сарин қазақ киносының абызы Асанәлі Әшімовтың өмірінің соңғы күндеріндегі видеосымен бөлісті.

  • 22 Желтоқсан
  • 16
Instagram/Қалқаман Сарин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақын бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«ЖҰМА КҮНГІ ЖҮЗДЕСУ…

Иә, екі күн бұрын Алматыда Асанәлі, Жүрсін ағаларымызбен кездесіп, көркем естеліктер тыңдап, көңілге көп дүние түйіп қайтқан едік. Аға мен інінің арасындағы жарасымды сыйластыққа, інінің еркелігі мен ағаның қамқорлығына куә болдық.

Қос ағамызды шығарып салып тұрып, Асекеңді соңғы рет көріп тұрғанымызды сезбеппіз.
Енді қайтып оралмайды, ортамызды толтырып, төрімізде отырмайды деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеді. Інісін алдына салып, ілбіп басып келе жатыр еді. Өзі озып кетті. Өмірден озды…

Ал, Жүкең болса арқа тұтар ағасынан айырылып, таяғына сүйеніп қала берді», — деп жазды ақын.

Перейти к новостям спорта