Соңғы жылдарда алғаш рет қолма-қол рубльге деген таза сұраныс минусқа кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы жылдарда алғаш рет қолма-қол рубльге деген таза сұраныс минусқа кетті

Соңғы жылдарда алғаш рет қолма-қол рубльге деген таза сұраныс минусқа кетті

2024 жылы айырбастау пункттерінің қолма-қол рубльмен жүргізген нетто-сатылымы -9 млрд теңгені құрады.

  • 28 Қаңтар
  • 11
Фото: kaztag.kz

ҚРҰБ деректеріне сәйкес, теріс көрсеткіш кем дегенде соңғы бес жылда алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Халық Ресей валютасының американдық валютаға қатысты 13,4% ж/ж әлсіреуі аясында оған деген қызығушылығын жоғалтуда (ең болмағанда қолма-қол ақша түрінде). Сарапшылардың пікірінше, мұндай динамикаға бірнеше негізгі оқиғалар әсер еткен болуы мүмкін, соның ішінде Ресейдегі доллармен және еуромен биржалық сауданың тоқтауы, сондай-ақ 50-ден астам ресейлік банктерге қарсы жаңа санкциялар пакеті. Datahub_kz телеграм арнасы деректер келтірді.

Айта кетейік, 2023 жылы рубль бұрынғыдан да қатты әлсіреді, 30%-ға (тоғыз жылдағы рекорд). Қатты құлдырау Ресейге тән факторлар жиынтығымен байланыстырылды: капиталдың жылыстауы, жыл басындағы мұнай экспортының теріс динамикасы және импорттың өсуі. Сол арада, 68 есеге төмендегеніне қарамастан, қазақстандық айырбастау пункттерінде қолма-қол рубльдің нетто-сатылымы оң болды – 4,1 млрд теңге.

Бір қызығы, қорытынды мән минус болған шақта рубльге таза сұраныс 20 өңірдің 15-інде байқалады. Бұл ретте ең жоғарғы сұраныс – Шығыс Қазақстан (12 млрд теңге) және Қарағанды облыстарында (8,9 млрд теңге). Себебі, жалпы жағдайға небәрі екі өңірдің — Астана (-46 млрд тг) және Алматының (-14 млрд тг) көрсеткіштері әсер етуде.

Рубльге қарағанда доллар мен еуроның нетто-сатылымы айтарлықтай өзгере қоймағанын қосымша айта кетеміз. Бірінші жағдайда әңгіме 6,3%-ға, 1,9 трлн теңгеге дейін өсу туралы болып отыр. Екіншісінде – 3,5%-ға, 207,3 млрд теңгеге дейін төмендеу туралы.

Перейти к новостям спорта