"Сорлы балаңа да сендей қатын бұйырсын": Халық Ерке Есмаханға ауыр сөздер айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сорлы балаңа да сендей қатын бұйырсын": Халық Ерке Есмаханға ауыр сөздер айтты

"Сорлы балаңа да сендей қатын бұйырсын": Халық Ерке Есмаханға ауыр сөздер айтты

Өзінен 12 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханға халық ашулы. 

  • 21 Ақпан 2023
  • 81841
Фото - Caravan.kz

Әнші бұған өзін кінәлі сезіне ме, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

Бірер күн бұрын әншіге сырға салу рәсімі өткен болатын. Тойдан үзінді виделар мен фотолар әлеуметтік желіде тарады. Әрине, әнші де бұны жасырған емес. Өзі инстаграм желісінде жариялап отырды. 

Әншіге өзінен 12 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққаны үшін жазықты сыңайлы. Әйел қырық шырақты дегенді халық ұмытқан болар бәлкім. 

"Раймның мамасы Еркенің замандасы екен": Халық Раймның жап-жас анасына таңданды

Ерке Есмахан өз тағдырын қолдан жасамағаны, Алланың маңдайына жазған тағдыры екені айқын. Дегенмен, әнші өзінде болып жатқан бар жақсылық пен қуанышты әр қыз баласына тіледі. 

Дейтұрғанмен, оқырмандар Еркеге өте ауыр сөздер айтты. Халық алдында жүрген әнші мұндайды көтере алуы да керек шығар. Себебі, әншіге сын айтатын да, мін тағатын да, ақтап, мақтап алып шығатын да халық. 


Алла маған бес елі бақ берген екен — Ерке Есмахан

"Сорлы балаңа да сендей қатын бұйырсын. Сонда көресің, бақтың бұйырған, бұйырмағанын", "Оттамаш жарымес қатын", "Анасы не қараған ақыл айтпай. Баласы бар әйелді әперіп", "Райм өзіне шеше тапқан ғой", деп өте ауыр сөздер жазылды. 

 
 
Соңғы жаңалықтар