"Сорос-Қазақстан" қоры еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға 200 мыңнан астам доллар көлемінде грант бөлгелі отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сорос-Қазақстан" қоры еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға 200 мыңнан астам доллар көлемінде грант бөлгелі отыр

"Сорос-Қазақстан" қоры еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға 200 мыңнан астам доллар көлемінде грант бөлгелі отыр

"Сорос-Қазақстан" қоры еліміздегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдарға 200 мыңнан астам доллар көлемінде грант бөлгелі отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қордың қамқоршылар кеңесінен хабарлады.

  • 16 Қазан 2003
  • 513
Фото - Caravan.kz

Бұл гранттар елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ, білім беру, мәдениет және БАҚ-тарды қолдау бағытындағы бағдарламаларға бөлінеді.

Қор тарапынан қаржыландырылып отырған тағы бір жоба — қоғамдық белсенділігі жоғары ауыл мектептерін қолдау жобасы болып табылады. «Мектеп- жергілікті қоғамдастық орталығы» деп аталған ашық байқаудың нәтижесінде еліміздің 8 аймағынан 19 мектепке жалпы көлемі 112 мың доллардың гранты бөлінді.
Сондай-ақ, «Сорос-Қазақстан» қоры Махмуд Әл-Қашғаридің «Диван Лугат ат-Турк» атты үш томдық шығармалар жинағын қаржыландырады.
«Сорос-Қазақстан» қоры Қазақстанда 1995-жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы мерзімде қор еліміздің үкіметтік емес ұйымдарына 30 млн.-нан астам доллардың қаржысын бөлді. Қор азаматтық қоғамды дамыту саласындағы қоғамдық ұйымдардан бастап, шағын және орта бизнес және «үшінші сектор», мәдениет және БАҚ саласын қолдайды .

Соңғы жаңалықтар