Жарияланды: 550

Сот адвокаттардың Досқалиевті үйдегі қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырды

Сот адвокаттардың Досқалиевті үйдегі қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырды

Жақсылық Досқалиевтің адвокаттарының өтініші қанағаттандырылды, Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты жемқорлық жасады деп айыпталып отырған бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты бұлтартпау шарасын үйдегі қамауға өзгертті,

деп хабарлайды агенттік тілшісі. «Досқалиевке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіледі. ҚР ҚПК 149-шы бабына сәйкес, үйдегі қамау денсаулығын, отбасылық жағдайын және басқа жағдайларды ескере отырып, адамды толықтай оқшаулау қажет және орынды болмағанда қолданылады. Сот (…) Досқалиевке қатысты таңдалған қамау шарасын жеңілірек, нақты айтқанда, үйдегі қамауға асыртыруға болады деп есептейді. Ол соттың Ж. Досқалиевтің мүддесі үшін адвокаттардың өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарғанын жеткізді. Еске сала кетейік, Ж. Досқалиевтің адвокаттары осының алдындағы сот отырысында сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш түсірген болатын. Оның өзі де сотқа «отырыстарға кез-келген уақытта келетінін» айтып, уәде етті. Бұған дейін хабарланғандай, бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты сот амалы 19 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталған болатын. Сот алқа билердің қатысуымен ашық режимде өтіп жатыр. Айыптаушы жақтың болжамына сәйкес, Ж. Досқалиев Астананың медициналық академиясының ректоры болып қызмет еткен кезде «Астана КПД» ЖШС-імен медакадемияға тиесілі жер телімдерінде тұрғын үй құрылысына заңсыз келісімшартқа қол қойды. Айыптаудың мәлімдеуінше, оның серіктестіктің директоры Кенжиннің атына жазып берген бас сенімхатты пайдаланған кәсіпкер (Кенжин –ҚазТАГ) академияның оқытушыларына арналған пәтерлерді жеке тұлғаларға нарықтық бағамен сатып жіберген. Қаржы полициясы серіктестікке құрылыс жүргізуге жер телімдерін бергені үшін Ж. Досқалиев сыйақы ретінде екі пәтер алып, туыстарының атына рәсімдеген. Сондай-ақ, пара ретінде Қараөткел кентіндегі коттедж де оның атына рәсімделді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть