«Сот қаулы етеді: прокурордың Төлеген Тойғамбаевқа қатысты ҚР ҚК 28 бабы 5 тармағы, 176 бабы 3 тармағы бойынша, және Жақсылық Досқалиевке қатысты ҚР ҚК 308 бабы 4 тармағы, 176 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы өтінішін қанағаттандырылсын. Істің осы бөлігі қосымша тексерілуге жіберілсін. Прокурордың Т. Тойғамбаевқа қатысты оқшаулау шарасын «қамаудан» «ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатқа» өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылмасын», — деді судья Мейрам Жанғұттынов дүйсенбі күні.
Судья, прокурор мемлекет мүддесін қорғай отырып, Т. Тойғамбаевты айыптамай, өзінің өітінішін сотқа тартылып отырғанның әрекетінде жымқыруларға тікелей араласу белгілерінің барлығымен негіздеп отырғанын түсіндірді.
«Аталған жағдайда сот прокурордың пікірімен келіседі, себебі өзі қудалау органы болып табылмайтындықтан сотқа тартылып отырғанды айыптау құқығы жоқ», — деді ол.
Т. Тойғамбаев сот залынан шығарылып жіберілді.
Бұрын хабарланғандай, Т. Тойғамбаев мемлекеттік сатып алуларда бюджет қаражатын жымқыруға септігін тигізген деп айыпталады.