Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлын колонияға 1 жыл 5 айға жіберу туралы қаулы шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлын колонияға 1 жыл 5 айға жіберу туралы қаулы шығарды

Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлын колонияға 1 жыл 5 айға жіберу туралы қаулы шығарды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат колонияға жіберілді

  • 22 Қазан
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

СОТ ШЕШІМІ

Бүгін Алматыда Нұрасыл Болаттың ісі бойынша сот отырысы өтті. Онда сот айыпталушыны колонияға 1 жыл 5 айға жіберу туралы қаулы шығарды.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылсын, – деді судья.

СОТТА ҚАРАЛҒАН ІС

11 қазанда депутаттың ұлын көрермендер блогер Арай Ысқақованың туған күнінде көріп қойған. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты адвокат Черновтарды сабағаннан кейін пробацияға ілінген. Сондықтан түнде алкоголь сататын немесе ойын-сауық мекемелеріне баруға құқығы жоқ. Сонымен қатар, 12 қазанда таңертең ол тағы бір рет пробациялық бақылауды бұзғаны белгілі болған.  

Пробациялық қызмет пен прокуратура бұл екі жағдай бас бостандығынан шектеуден бас бостандығынан айыруға ауыстыруға себеп болуға жетеді деп есептейді.

Өткен аптада бұл іс бойынша отырыс кейінге қалдырылған.

НҰРАСЫЛ БОЛАТТЫҢ ІСІ

2023 жылдың 11 ақпанында әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизонының әскери соты депутаттың ұлына 1 млн 720 мың теңге айыппұл салған. Бұдан басқа, жәбірленушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 1,6 млн теңге сомасында шығын өндірілді. Зардап шеккен тараптың адвокаттары судьяның шешімімен келіспей, шағым түсіріп, ған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Осылайша, бірнеше инстанцияда қаралған іс жоғарғы сотқа жетіп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Нұрасыл Болатқа екі жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Сондай-ақ, моральдық зиянды өтеу сомасы әрқайсысына 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылған.

Бұған дейін Депутат Дәулет Тұрлыханов пробациялық бақылауда жүрген ұлының мәселесіне байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берген. Ол ұлының денсаулығына алаңдайды.