Сот Досқалиевті емдеу үшін үйіне дәрігерлер жіберуге рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Досқалиевті емдеу үшін үйіне дәрігерлер жіберуге рұқсат берді

Сот Досқалиевті емдеу үшін үйіне дәрігерлер жіберуге рұқсат берді

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша төрағалық етуші судья Мейрам Жанғұттынов адвокаттарының мамандандырылған дәрігерлер жіберу туралы өтінішін қанағаттандырды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Сот адвокаттардың Досқалиевке тұрғылықты жері бойынша коррекциялық емшара жүргізу үшін ине терапевт уқалаушыны, қарап, емдеу үшін невропатолог дәрігерді жіберу туралы өтінішін қанағаттандырып, аталған дәрігерлерді, қажет болса, басқа мамандарды жіберуге рұқсат беру туралы қаулы шығарды. Сондай-ақ, сот Досқалиевке айына 1 рет шаштаразға баруға рұқсат берді», — деді судья Мейрам Жанғұттынов дүйсенбі күні сот тыңдауы барысында.

Экс-министр сот тергеуінде жүргендіктен, оған бөтен адамдармен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар