Сот «Эйр Астана» компаниясын жауапқа тартпақ болған монополияға қарсы органның шешімін қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот «Эйр Астана» компаниясын жауапқа тартпақ болған монополияға қарсы органның шешімін қолдады

Сот «Эйр Астана» компаниясын жауапқа тартпақ болған монополияға қарсы органның шешімін қолдады

Сот ақпарат ұсынбағаны үшін «Эйр Астана» компаниясын жауапқа тартпақ болған монополияға қарсы органның шешімін қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 13 Қазан 2016
  • 492
Фото - Caravan.kz

Айта кетерлігі, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі еліміздің монополияға қарсы органы тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың жұмысына кедергі келтіргені үшін «Эйр Астана» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанын жария еткен болатын. Алайда, мұнымен келіспеген компания құзырлы органдарға шағымданған еді.

Бүгін министрлік Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тергеп-тексеру жүргізу басталғанға дейін сұратылған ақпаратты ұсынбағаны үшін авиатасымалдаушыны әкімшілік жауапқа тарту жөніндегі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің қаулысын жою туралы  Эйр Астана» АҚ талап арызынан бас тартқандығы туралы ақпаратты жария етті.

«Осы іске қосымша БАҚ-та таратылған ақпаратқа түсініктеме береміз. Тергеп-тексеру нысаны хабарлағандай монополияға қарсы орган қызметкерлері 2016 жылғы 20 қыркүйекте және 3 қазанда «Эйр Астана» АҚ ғимаратына өткізілген. Ал авиакомпанияға қатысты әкімшілік іс ағымдағы жылғы 7 қазанда қызметкерлерді өткізбеуге байланысты қозғалған. Заңнамаға сәйкес тергеп-тексеру нысаны барлығы екі айды құрайтын тергеп-тексеру жүргізу мерзімінің ішінде монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына үй-жайға өтуге және басқа да заңды іс-әрекеттерді орындауға қол жеткізуге мүмкіндік беруге міндетті», — делінген Ұлттық экономика министрлігі ақпаратында.