Сот экс вице-министрге басқа адвокат табуға уақыт бермеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот экс вице-министрге басқа адвокат табуға уақыт бермеді

Сот экс вице-министрге басқа адвокат табуға уақыт бермеді

Астанада бұрынғы білім және ғылым вице-министрі, бір жарым миллиард теңге қаржыны иемденіп, ысырап қылды деп айыпталған Саят Шаяхметовтің үстінен сот басталды деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Бұл іс бойынша негізгі сот 2014 жылы өтіп, кейін оны қайта тергеу жіберген.

  • 15 Наурыз 2017
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұл іс бойынша "Салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" компнаиясының бас директоры Александр Пак та сотталып жатыр. Ол екеуіне де Өскемендегі дайындық орталығының құрылысына бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Шаяхметов алғашқы сот процесі кезінде өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Саят Шаяхметов сотта бұған дейін бұрынғы қорғаушысынан бас тартқанын, себебі тергеу кезінде онымен кездесе алмағанын айтты. Шаяхметов соттан өзіне жаңа қорғаушы іздеуге уақыт беруді сұраған. Бірақ сотқа төрағалық етіп отырған Алматы аудандық №2 сотының судьясы Айжан Құлбаева бұл өтінішті қанағаттандырмаған. Сот барысында Шаяхметовке қалалық адвокаттар алқасынан Сабина Шапенова мемлекеттік қорғаушы болып тағайындалған.

Шаяхметовке қарсы қылмыстық тергеу 2013 жылдың көктемінде басталған. 2013 жылы 14 мамырда Саят Шаяхметов пен Александр Пак ұсталған. Шаяхметов 2013 жылы 20 мамырда бұл іс бойынша үйқамаққа алынған. Сол күні білім және ғылым министрлігі Шаяхметовтің 8 мамырда қызметінен босатылғанын хабарлаған.