”Сот ел алдында онлайн өтеді”: Әбдікәрімова жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Сот ел алдында онлайн өтеді”: Әбдікәрімова жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

”Сот ел алдында онлайн өтеді”: Әбдікәрімова жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованы жақын адамы алдап кеткен.

  • 26 Қыркүйек
  • 196
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram stories-те айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ел алдында азды-көпті танымал болғандықтан сіздермен тек жақсылықпен бөлісіп келемін. Басыма қандай іс түссе де тіс жармауға тырыстым. Бірақ шыдамның да шегі болады екен. Айтсам ба, жоқ па деп көп ойландым. Ешкімнің абыройын түсіргім келмеп еді. Алайда бұққан сайын, сұғып барады. Осыдан 3-4 жыл бұрын жақын адамымнан опық жедім. Оңдырмай алдап кетті. Барымды тартып алды. «Жаным, күнім» деген адамнан сатқындық көремін деп кім ойлаған? Қазір есіме түсіріп, таңқаламын. Қалайша оған жол бердім? Осынша уақыт қалай үндемей шыдап келдім. Ол уақыт мен үшін сынаққа толы күндер еді. Басымды тауға да, тасқа да соғып жүргенде алдымнан «күндей» жарық бір кісі шықты. Бәлкім, менің құтқарушым осы болар деп ойладым», — дейді ол.

Актриса соттың ел алдында онлайн өтуін талап ететінін де жасырмады.

«Қит етсе, қалымды сұрап, менің жағдайымды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Менің ештеңеден хабарым болмады. Қысқасы, жарты жыл қасымда жүріп, мендегі қымбат дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе, сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың елдің алдында онлайн өткенін талап етемін. Сотта барлығы айтылады. Оның әділ өтетініне сенемін. Ол адаммен 2 жыл телефонмен сөйлескенім іске тіркелді», — деп жазды ол.