Сот мүгедектің тұрғын үйге қатысты құқығын қорғады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот мүгедектің тұрғын үйге қатысты құқығын қорғады

Сот мүгедектің тұрғын үйге қатысты құқығын қорғады

А.Тулеуова жауапкер - Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар автокөлігі және автомобиль жолдары ММ-ге, Ақтөбе қаласы әкімінің апараты ММ-ге және Ақтөбе облысының Әділет департаменті тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар кезегіне қайта енгізу туралы талап-арыз беріп, сотқа арызданған.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz

Сот отырысы барысында А. Төлеуова және оның жұбайы «туа біткен саңырау-мылқау» деген диагнозбен үшінші топтағы мүгедек болып саналады, 3 бала тәрбиелеп отыр, оның 2-і кәмелетке толмаған балалар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар кезегіне 2004 жылғы желтоқсаннан бастап қойылған. А. Төлеуова 2001 жылдан бері өз отбасымен бірге жатақхананың 15,10 шаршы метрді құрайтын бір бөлмесінде тұрады. Аталған бөлме мүлікті жекешелендіру комиссиясының шешімімен талапкердің жеке иелігіне тіркелген. Комиссияның 2014 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінен шығарылған. Сондықтан, тұрғын үй комиссиясы өз шешімдерінде А. Төлеуованың жеке иелігінде тұрғын үйі бар екендігін негізге алған. 

Ақтөбе қалалық сотының шешімі бойынша А. Төлеуованың талабы қанағаттандырылмаған.
Алайда, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының шешімімен Ақтөбе қалалық соты шешімінің күші жойылып, талапкер А. Төлеуова мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегіне қайта енгізілген. Сонымен бірге, апелляциялық сот алқасы, «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының және 2015 жылғы 20 ақпанда ратификацияланған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның 28-бабының ережелерінің нормаларына сәйкес мүгедектердің өздері мен олардың отбасылары толыққанды деңгейде өмір сүруге, оның ішінде тұрғын үйі болуға және өмір сүру деңгейін үзіліссіз жақсартып отыруға құқылы екендігі туралы қағидаларды негізге алған. 
Кассациялық сот алқасының қаулысымен апелляциялық сот алқасының шешімі өзгеріссіз қалдырылып, жауапкер өкілдерінің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот осындай негіздермен, мүгедектің құқығын қорғады.


Соңғы жаңалықтар