Сот отырысында Жақсылық Досқалиевтің көзіне жас үйірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот отырысында Жақсылық Досқалиевтің  көзіне жас үйірілді

Сот отырысында Жақсылық Досқалиевтің көзіне жас үйірілді

Экс-министр көзіне жас алды! Денсаулық сақтау саласын басқарған Жақсылық Досқалиевтің көңілі соттың бүгінгі кезекті отырысында босап қалды. 

  • 27 Мамыр 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz


Жемқорлық үшін сотталып жатқан Досқалиевті осындай күйге айыптаушылар жағы жеткізген екен. Бірақ даттап емес, мақтау сөздерімен дәрігердің сезімін оятты. Бұл жолы сот алдында Астанадағы медициналық университетінің профессоры Қырым Ахметов сөз сөйледі. Куәгер ретінде ол әріптесінің қызметі жайында айтып берді. Қырым Ахметов Досқалиевпен бірге ұзақ жылдар жұмыс істеген. Оның айтуынша, сотталушы кезінде көп адамды ажалдан құтқарып, бар күшін емдеу ісіне арнаған. «Министр болған күннің өзінде операция жасап, түнгі ұйқысын бөлетін». Айыптаушылар тарапынан шыққан куәгердің мұндай түсініктемесі отырысқа қатысушыларды таң қалдырды. Бәрі үнсіз қалыпты. Алайда әлі өзгелерін де тыңдау қажет. Жалпы, сот процесі барысында 200-ден астам адамнан жауап алынуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар