Сот процесі. Владислав Челах. 26 қараша. - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот процесі. Владислав Челах. 26 қараша.

Сот процесі. Владислав Челах. 26 қараша.

Бүгін Талдықорған қалалық сотында Владислав Челахтың ісі бойынша сот тыңдауы жалғасады.

  • 26 Қараша 2012
  • 521
Фото - Caravan.kz

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен жұма күні сот жәбірленушілердің өкілдерін сұрауға кірісті. Олар өздерінің қаза тапқан туыстары, олардың шекара жасағындағы қызметі және жәбірленушілердің туыстарының «Арқанкергенде» болған оқиға туралы қалай естігенін баяндап, сондай-ақ сотталушыға қатысты өз пікірлерін білдірді. Осылайша, жәбірленушілердің өкілдері Саринов, Әмірғалиев, Қапанов, Сүндетов Челахтың кінәлі екеніне сенімді болса, Рей, Ілиясов, Ақышев, Қыдырәлиев, Именовтің туыстары өздерінің пікірін сот жарыссөздері кезінде білдіретіндерін мәлімдеді.

Сот алдында сөз сөйлеген капитан Кереевтің жесірі Райхан Табылдықызы бұған дейін Челахқа бес миллион теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтеу бойынша ұсынған азаматтық талабынан бас тартатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ сот алдында №2484 әскери бөлімінің атынан сөз сөйлеген Иван Санин түсінік берді. 7 миллион 848 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық талабын толық қолдаған ол заң бойынша мерзімдік қызмет атқарған қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына 500 АЕК түрінде, ал офицерлер мен келісімшарттағы сарбаздарға 5 жылдық ақшалай өтемақы төленуі тиіс екенін түсіндірді.

Бұдан кейін сотқа «Арқанкерген» қосынындағы қылмыс туралы естілгеннен кейін жедел-тергеу тобының оқиға орнын қарауының бейнежазбаларын ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, шекарашы В.Челахтың соты Талдықорғанда 19 қарашада басталған еді. Ол ҚР Қылмыстық кодексіндегі сегіз бабы бойынша айыпталуда.

Сот отырыстары демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын ашық режімде өтуде. БАҚ өкілдері болып жатқан процесті аудио және бейнекөрсетіліммен жабдықталған арнайы залда отырып көруде.

Ал Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, «Арқанкерген» бекетінде он төрт шекарашы мен қорықшыны өлтірді деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов судьяның әрекетіне келіспеушілік танытты.
Адвокат жазбаша келіспеушілігіне бұдан бұрын қанағаттандырылмай тастаған өтініштерін қосты, деп журналистерге бүгін Талдықорғанда Әскери сот баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді.
Адвокат қорғалушысы сот отырысына қатысудан тағы бас тартып отырғанын мәлімдеді. Ол сотқа өзінен жауап ала бастаған кезде қатысатынын айтқан.
Қазір сот отырысы көрсетілетін ақпарат құралдарына арналған бөлмеде техникалық ақауларға байланысты залдан дыбыс естілмейді.