Сот Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың тергеу изоляторынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың тергеу изоляторынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады

Сот Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың тергеу изоляторынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың

  • 22 Сәуiр 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz


тергеу изоляторынан босату туралы  өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Облыстық сот кеңсесінің хабарлауынша, сот «лауазымын асыра пайдаланды» деген бап бойынша төрт қылмыс жасады деген күдік келтірілген М.Смағұловқа қолданылған жазаны жеңілдету мүмкін емес» деп шешкен.
Аппеляциялық алқадағылар «тергеу орындарының күдікті қашып кетуі немесе куәларға қысым жасауы мүмкін» деп қауіптенуі негізсіз емес» деген қорытындыға келді.
Аппеляциялық шағымда экс-әкім денсаулығының нашарлағанын айтып, «қолхат», «кепілдік» негізінде босатуды немесе «үй қамағына» алуды сұраған болатын.