Жарияланды: 470

Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің Евгений Анды ҚазҰУ-дың проректоры лауазымынан уақытша шеттетуге байланысты бұйрығын заңсыз деп тапты

2012 жылы 26 қарашада Астана қаласы Есіл аудандық соты ҚР Білім және ғылым министрі м.а. М.К. Орынхановтың Евгений Анды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымы міндетін орындаудан уақытша шеттетуге байланысты 19 қыркүйек 2012 жылғы №151-НС бұйрығын заңсыз деп тапты.

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінен хабарлады. 2012 жылғы 3 қарашада ҚазҰУ-дың проректоры Е.Анға қатысты қылмыстық іс Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін