Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің Евгений Анды ҚазҰУ-дың проректоры лауазымынан уақытша шеттетуге байланысты бұйрығын заңсыз деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің Евгений Анды ҚазҰУ-дың проректоры лауазымынан уақытша шеттетуге байланысты бұйрығын заңсыз деп тапты

Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің Евгений Анды ҚазҰУ-дың проректоры лауазымынан уақытша шеттетуге байланысты бұйрығын заңсыз деп тапты

2012 жылы 26 қарашада Астана қаласы Есіл аудандық соты ҚР Білім және ғылым министрі м.а. М.К. Орынхановтың Евгений Анды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымы міндетін орындаудан уақытша шеттетуге байланысты 19 қыркүйек 2012 жылғы №151-НС бұйрығын заңсыз деп тапты.

  • 27 Қараша 2012
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінен хабарлады.

2012 жылғы 3 қарашада ҚазҰУ-дың проректоры Е.Анға қатысты қылмыстық іс Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылған болатын.