Сот Рахат Әлиевтің қадір-қасиет және ар-ұжданын қорғау мақсатымен "Асанди таймс" газетіне қарсы сотқа берген шағымын қанағаттандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот  Рахат Әлиевтің қадір-қасиет және ар-ұжданын қорғау мақсатымен "Асанди таймс" газетіне қарсы сотқа берген шағымын қанағаттандырды

Сот Рахат Әлиевтің қадір-қасиет және ар-ұжданын қорғау мақсатымен "Асанди таймс" газетіне қарсы сотқа берген шағымын қанағаттандырды

Бүгін, 1-шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйымындағы ҚР өкілі Рахат Әлиевтің қадір-қасиет және ар-ұжданын қорғау мақсатымен "Асанди таймс" газетіне қарсы сотқа берген шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы Алмалы аудандық сотынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 1 Шiлде 2003
  • 561
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешімді Алмалы аудандық сотының судьясы Бағлан Нүсіпбекова қабылдады.

Сот процессіне жауап беруші ретінде «Асанди таймс» апталық газетін басып шығарушы «Бастау» ЖШС , газеттің бас редакторы Ирина Петрушева мен журналист Мұхамеджан Әділовтар шақырылды.
Сотқа шағым түсіруге «Асанди таймс» газетінің 2003-жылғы 25-сәуірдегі санында жарияланған М.Әділовтың «Рахат Әлиев қайта оралды» атты мақаласы түрткі болған. Р.Әлиевтің қорғаушысы Алексей Фоменконың айтуынша, мақалада деректер бұрмаланып, Р.Әлиевті жалған қорлауға жол берілген. Сот қаулысына сәйкес шағым құны 300 мың теңгені құрап, Р.Әлиевтің шешімімен бұл қаржы Алматыдағы бір ардагерлер ұйымының есепшотына аударылатын болды.
Сондай-ақ, сот мақалада жазылған деректер газеттің бірінші бетінде жоққа шығарылуы тиіс деген үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар