Оқиға өткен жылдың тамыз айында болған. Бүгінде сотталған азамат өз зайыбын балтамен 8 рет соққылаған. 10 күннен кейін жәбірленуші есін жинамастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Сотталушы өз кінәсін жарым-жартылай мойындады. Ол зайыбын өлтіргісі келмегенін, ал жанжалдың зайыбының онымен ажырасқысы келгенінен туындағанын түсіндірді. Сот оны ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлімімен қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танып, нарколог дәрігерде мәжбүрлеп емдеумен қатаң режимдегі түзеу колониясында 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.