Сот залында өз әйелін 30 рет пышақтап өлтірген қостанайлыққа үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот залында өз әйелін 30 рет пышақтап өлтірген қостанайлыққа үкім шықты

Сот залында өз әйелін 30 рет пышақтап өлтірген қостанайлыққа үкім шықты

[wpcode id="1694287"] Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот залында өз әйелін пышақтап өлті

  • 19 Мамыр 2017
  • 446
Фото - Caravan.kz


Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген 32 жастағы Жұматұлы Бекібаевқа қатысты үкім (ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының, 2-бөлігі, 5-тармағы) шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың үкімімен Бекібаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот сотталушыдан зардап шеккен тараптың пайдасына 1 миллион 1000 мың теңге және моральдық залал ретінде 2 миллион теңге өндіріп алды. Сонымен қатар, сот облыстық білім басқармасына жұмысқа сотты болған адамды алуына байланысты үкім шығарды. Осы оқиғаға дейін сотталушы ауылдағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Айта кетейік, кәмелетке толмаған бала қазіргі уақытта зардап шеккен тараптың ата-анасының қамқорлығында. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, осыған дейін сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адамның мектеп мұғалімі болып шыққаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен. Қаза тапқан әйел 30 рет пышақталған еді. Қайғылы оқиға 28 ақпанда Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Полицейлердің мәліметінше, олар ажыраспақшы болған.
 

Соңғы жаңалықтар