«Жолдауда сот жүйесін одан әрі жетілдіру, судьялардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайту шаралары ұсынылған»,- деп атап өткен Н.Назарбаев «сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссиялар құрылды»,- деп хабарлады. «Комиссиялардың жұмыс нәтижесі бойынша сот ісін жүргізуді одан әрі жеңілдету және соттардағы қадағалаушы инстанцияларды азайту, азаматтар құқығының кепілдігін күшейту және сот процессіндегі адвокаттар ролін арттыруға қатысты ұсыныстар әзіленді»,- деді Елбасы.
Сонымен бірге комиссиялар мен ҚР Жоғарғы соты «судьялардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайту үшін олардың жалақысын көтеру, зейнетақы қорларына қаржы аудару, бір мәрте жәрдемақылар төлеу және сақтандыру жөнінде заңнамаларға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар дайындады». «Қазір мен осының бәрін бір күнде бітіріп, қалтаға сал деген пікірлерді естіп жүрмін. Бірақ шын мәнінде олай болмайды. Әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттің мүмкіндігіне сәйкес біртіндеп шешіледі»,- деді Елбасы.