Сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалары Әділет министрлігінің қарамағына енеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалары Әділет министрлігінің қарамағына енеді

Сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалары Әділет министрлігінің қарамағына енеді

Алдағы уақытта сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалары Әділет министрлігінің қарамағына кіреді.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 746
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым мәлім етті.

«Сот-медициналық  сараптама  орталығы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құзырында болатын. Ал 1 қаңтардан бастап бұл орталық Әділет министрлігінің қарамағына берілді. Біздің «ведомствоның құзырына не себепті берілді?» деген сауалға тоқталатын болсақ, сот-медициналық  сараптама  жұмыстары қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істермен және тергеумен байланысты. Сондықтан құқық қорғау саласына жақын болғандықтан, олардың жұмыстарының барлығын бір мемлекеттік органның жанына біріктіру мақсатында жасалып отыр», — деді министрдің орынбасары.
Осы орайда ол сонымен қатар биылғы 1 шілдеден сот-наркологиялық сараптамасы да Әділет министрлігінің құрамына кіретінін атап өтті.


«Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап сот-психиатриялық сараптама орталығы да біздің министрліктің қарамағына кіреді деп жоспарланып отыр. Осы  орталықтардың барлығы Әділет министрлігінің құзырына енгенсін, жалпы сараптама жұмысы бір мемлекеттік органның жанында жиналады», — деді Б. Әбдірайым.
Оның сөзіне қарағанда, бұл шаралар аяқталғаннан кейін, бұл саладағы мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік жасалады.