Көшедегі тонаушылық құрбанына айналып, бастапқыда тергеушілер мен сотқа берген жауаптарында бір сөзінен таймаған Г.Колесников іс аппеляциялық сатыда қаралған тұста сотталушының жағына шығып, бұған дейін айтып келген күш қолдану жайындағы қоқан-лоққы жалған болатын деп тайқып шыққан. Соңынан Г.Колесников мұндай қадамға айыпкердің анасына жаным ашығандықтан бардым деп мойындаған.
Б.Бегеновтың айтуынша, бұл- осы тектес қылмыс түрлерінде алға тартылатын басты сылтау болса, тағы бір мүмкін мотив — қаржылық мүддеден туындауы мүмкін. Республика көлемінде дәл осындай оқиғалар көптеп кездесетініне қарамастан, прокуратура қызметкерлері мұндай қылмысты күрделі проблемалар қатарына жатқызып отыр.