Сотқа жалған жауап бергені үшін Петропавлдық бір тұрғынды 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу туралы шешім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотқа жалған жауап бергені үшін Петропавлдық бір тұрғынды 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу туралы шешім шығарылды

Сотқа жалған жауап бергені үшін Петропавлдық бір тұрғынды 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу туралы шешім шығарылды

Петропавл қалалық соты 42 жастағы қала тұрғыны Геннадий Колесниковты сотқа жалған жауап бергені үшін 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу туралы үкім шығарды. Бұл Солтүстік Қазақстан облысында соңғы үш жылда болған осындай екінші оқиға. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Петропавл қалалық прокурорының орынбасары Бауыржан Бегенов хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 497
Фото - Caravan.kz

Көшедегі тонаушылық құрбанына айналып, бастапқыда тергеушілер мен сотқа берген жауаптарында бір сөзінен таймаған Г.Колесников іс аппеляциялық сатыда қаралған тұста сотталушының жағына шығып, бұған дейін айтып келген күш қолдану жайындағы қоқан-лоққы жалған болатын деп тайқып шыққан. Соңынан Г.Колесников мұндай қадамға айыпкердің анасына жаным ашығандықтан бардым деп мойындаған.

Б.Бегеновтың айтуынша, бұл- осы тектес қылмыс түрлерінде алға тартылатын басты сылтау болса, тағы бір мүмкін мотив — қаржылық мүддеден туындауы мүмкін. Республика көлемінде дәл осындай оқиғалар көптеп кездесетініне қарамастан, прокуратура қызметкерлері мұндай қылмысты күрделі проблемалар қатарына жатқызып отыр.

Соңғы жаңалықтар