"Сотталайын деп жатыр": Қыз зорлады деген айып тағылған Жанқош Тұрардың әйелі тың ақпарат айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сотталайын деп жатыр": Қыз зорлады деген айып тағылған Жанқош Тұрардың әйелі тың ақпарат айтты

"Сотталайын деп жатыр": Қыз зорлады деген айып тағылған Жанқош Тұрардың әйелі тың ақпарат айтты

Өткен жылдың тамыз айында Әнару Құрманәлі есімді ару танымал боксшы "Жанқош Тұраров мені зорлады" деп мәлімдеме жасаған болатын.

  • 26 Ақпан
  • 12658
Коллаж: Jambylinfo.kz.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жанқош Тұраровтың үстінен қылмыстық іс те қозғалған еді. Бірақ, inbusiness.kz жазған ақпаратқа сенсек, қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.

«Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады», – делінген полиция хабарламасында.

Боксшының үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғаны туралы ақпараттан кейін бұл оқиғаның айналасындағы дау-дамай мен алып-қашпа әңгімелер де тоқтаған еді.

Бірақ, жәбірленушінің адвокаты Ләззат Ахатова өткен жылдың қараша айында Жанқош Тұрарға қатысты қылмыстық іс қайта жаңғыртылып, тергеу қайта басталатынын мәлімдеген. Бұған қоса істің қысқартылғаны туралы заңсыз шығарылған қаулыны әлі ала алмай жүргенін де әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған еді.

Алайда, Жанқош Тұрардың жары, блогер Клара Иса Instagram желісіндегі парақшасында оқырманының «Экранға шығып, зорлады деген әйел не болды?» деген сұрағына жауап беріп, желі қолданушыларын ойландырып қойды.

«Жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр», — деді спортшының әйелі.