Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі басқа түрмеге ауыстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі басқа түрмеге ауыстырылды

Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі басқа түрмеге ауыстырылды

Енді бұрынғы шенеунік жазасын Ленгер қаласындағы түрмеде өтейді

  • 17 Тамыз 2018
  • 59
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы, миллиондаған қаражат қымқырғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаев басқа түрмеге ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik "Первый канал Евразия" арнасына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, Бишімбаев Астанадан Ленгер қаласының колониясына ауыстырылған, қала Шымкенттен 35 километр қашықтықта орналасқан. Бишімбаевты көшіру кезінде Ұлттық ұланның кем дегенде он сарбазы алып жүрді.

"Мекеме максималды қауіпсіз болып табылады, яғни қатаң тәртіпті, ең көп дегенде 500 адамды отырғызуға болады. Ғимарат сонау 1976 жылы қолданысқа берілген", — деп мәлімет берді ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Ғалымжан Хасенов.

Естеріңізге сала кетсек, Астананың апелляциялық соты мамыр айының соңында бұрынғы ұлттық экономика министрі Бишімбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ол 2018 жылдың наурызында екі миллион доллар пара алғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылды.


 

Соңғы жаңалықтар