Сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис колониядан еңбек демалысына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис колониядан еңбек демалысына шықты

Сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис колониядан еңбек демалысына шықты

Жол-көлік апаты үшін сотталған Евгений Жовтис колониядан еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы.

  • 27 Мамыр 2011
  • 658
Фото - Caravan.kz

«Бүгін, 27 мамыр күні сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис өскемендік ОВ-156/13 мекен-колониясында өткізген 1,5 жылдың ішінде заңды еңбек демалысын алып, 10 күнге колония қақпасынан шығарылды», – делінген бюроның ақпаратында.

Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының атап көрсетуінше, режимдік нұсқаулыққа сәйкес, Е.Жовтис демалыс кезінде Өскемен қаласының сызығынан шықпауға тиіс.

«Заң бойынша жазасын мекен-колонияда өтейтін сотталғандар колониядан тыс жерде жұмыс істеп, өмір сүруге құқылы, ОВ-156/13 мекемесінде де солай, бірақ бұл ереже Жовтиске қатысты қолданылмайтын. Енді жалпыға ортақ ереже оған қатысты да қолданылды», – делінген бюроның ақпаратында.

ҚР әділет министрлігінің АЖК Е.Жовтиске 27 мамырдан 5 маусымға дейін демалыс берілгенін қуаттап, «демалысты колония әкімшілігінің келісімімен жұмыс беруші – «Еңбек-Өскемен» кәсіпорны оның (Е. Жовтистің — ҚазТАГ) өтініші бойынша беріп отыр» … Демалыс кезінде Е.ЖовтисӨскеменге келген әйелімен бірге тұрады».

Еске сала кетейік, 2009 жылдың 3 тамызында Балқаш аудандық сотының үкімімен Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының басшысы Е.Жовтис өлімге алып келген жол-көлік апатын жасағаны үшін айыпты деп танылып, жазасын мекен-колонияда өтеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Құқық қорғаушы басқарған Toyota Ranner көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты 26 маусымда сағат 22:30-да Қараой-Алматы жолының 131-ші шақырымында, Алматы облысының Ақдала елді мекеніне жақын жерде болған. Оқиға салдарынан 35 жастағы жаяу жүргінші, Алматы облысының тұрғыны қаза болды.

Соңғы жаңалықтар