Соттардың тәртіптік коллегиясы екі жыл ішінде 25 судьяның жұмысын тоқтатты- ҚР Жоғарғы соты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соттардың тәртіптік коллегиясы екі жыл ішінде 25 судьяның жұмысын тоқтатты- ҚР Жоғарғы соты

Соттардың тәртіптік коллегиясы екі жыл ішінде 25 судьяның жұмысын тоқтатты- ҚР Жоғарғы соты

Соттардың республикалық тәртіптік-квалификациялық коллегиясы екі жыл ішінде 90 тәртіптік іс қарап, олардың 25-і бойынша сот төрешісін судьялық құқықтан айыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты жалпы отырысының қорытындысы бойынша аталмыш мекеменің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2003
  • 787
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, ҚР Жоғарғы сотында облыстық сот төрағалары мен сот әкімшіліктерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілді. Олар республикалық соттардың жарты жылдық жұмыс қорытындысы туралы есеп берді. Кеңейтілген отырысқа ҚР жоғары сотының төрағасы Қайрат Мәми төрағалық жасады. Кеңейтілген отырыста тындырылған істерге баға беріліп, болашақ міндеттер мен басымдықтар айқындалды.

Жоғары сот коллегиялары төрағаларының бағалауынша, соттардың жарты жылдағы жұмыс қорытындысы істерді жедел әрі сапалы қарау ағымының тұрақтанғанын дәлелдейді. Осы орайда сот жүзінде әділеттілік орнатуға қатысты аса маңызды екі көрсеткіш бойынша ілгерілеушілік байқалды, атап айтсақ, қылмыстық және азаматтық істер бойынша күшін жойған сот шешімдерінің саны азайып, істерді жедел қарау көрсеткіші жақсарды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы процессуалдық мерзім талабын бұза қаралған істер саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда үш есе азайып, 1,2 процентті құрады. Азаматтық істер бойынша күшін жойған сот шешімдерінің үлесі 2,1 процентке дейін азайды.
Өткен 6 айда жергілікті соттарға 438,8 мың қылмыстық іс пен арыз-өтініштер түсті. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 19 процент артық. Азаматтардың әділеттілікке қол жеткізу көрсеткішінің дәлеліндей, жалақы берешегін өндіріп алуға және жер қатынасына қатысты мемлекеттік мекемелер мен лауазым иелерінің әділетсіз шешіміне наразылық білдіретін азаматтық істер саны арта түсті, санаткерлік жауапкершілік жөніндегі дау-дамайлар пайда болды.
Болашақ мақсаттардың қатарында елімізде өлім жазасына балама ретінде өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын қолданысқа енгізу үшін құқықтық және материалдық база құру аталды. Сондай-ақ, қылмыстық тергеу-тектеу мекемелерінің процессуалдық іс-қызметіне сот тарапынан бақылауды күшейту, тұтқынға алуға санкция беру құқығын соттар құзырына көшіру мәселелері жан-жақты дайындықты талап етеді. Әр сатылы соттар, бақылау институттары мен апелляциялық инстанциялардың құзыр аясын өзара шектеудің өзектілігі де артып отыр. Осынау процессуалдық өзгертулердің ақырғы мақсаты — облыстық соттарды аудандық соттардың қателік-кемшілігін түзейтін инстанцияға айналдырып қана қоймай, қылмыстық іс бойынша ақырғы шешім қабылдаушы инстанцияға айналдыру болып табылады.