"Соттың шешімімен келіспеймін": Алмас Кішкенбаев даулы оқиғадан кейін алғаш рет пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Соттың шешімімен келіспеймін": Алмас Кішкенбаев даулы оқиғадан кейін алғаш рет пікір білдірді

"Соттың шешімімен келіспеймін": Алмас Кішкенбаев даулы оқиғадан кейін алғаш рет пікір білдірді

Бүған дейін сотта Алмас Кішкенбаевтың мас күйінде бола тұра, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені анықталды. Сотта әнші оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан.

  • 24 Ақпан
  • 12
Фото: orda.kz

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев қамаудан шықты. Осы даулы оқиғадан кейін алғаш рет желіге шығып, пікір білдірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Әнші барша қолдау көрсеткен қауымға алғыс білдіріп, сол оқиғаны пайдалана отырып, хайп қуғандарға ренішін жеткізді.

«Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Заңға бағынам. Бірақ маған тағылған айыппен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Барлығы шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін», — дейді әнші.

Кішкенбаев соттың шешімін мойындайтынын, алайда тағылған айыппен ешқашан келіспегенін және келіспейтінін жеткізді. Сондай-ақ ол жайтқа байланысты ешкімнен сұрақ күтпейтінін, оқиғаға осымн нүкте қоюды талап етті.

Айта кетейік, бұған дейін 40 жасар өнер иесі 17 жастағы жасөспірімге тиісті деген айыппен 15 күнге қамауға алынған еді.