Десе де саясаткер тұщымды жауап беріп, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Caravan.kz.
Желіде тараған видеода орыс журналистерінің қазақ саяси шолушысынан тікелей эфирде «Орысша атаулары бар қазақ облыстары не себепті қазақыландырылады?» деген сұрағын анық естуге болады.
Қазақстандық саясаткер оған ойланбастан жауап беріп, онда тұрған ештеңе жоқ екенін қадап айтты.
«Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан, мен бұл жерден советтік түк көріп тұрған жоқпын. Бұл сөздер кеңестік деп кім айтты сіздерге? Және бұл атаулардың барлығы тәуелсіз Қазақстанда берілді. Екіншіден бұл шынайы процесс және ол ширек ғасырдан астам уақыт бойы созылып келеді, бірақ қазір тәуелсіздіктің құрдастары 30-дан асты және олар ел бойынша көп. Сондай-ақ 1,5 млн-нан астам қандастар елге оралды», — деп тұшымды жауап берді ол.
Сонымен бірге ол бұл процесс Ресейде де жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен онда Куйбышев, Свердловск жәнеЛенинград атаулары өзгертілген болатын.
Желі қолданушылары саяси шолушының жауабына риза болған.
«Күшті жауап бердіңіз, жарайсыз», «Неге осылар бізге тиісе береді?», «Тамаша, мықтысыз», «Шах және мат деген осы шығар» деп жазды олар.