«Союз ТМА-02М» ғарыш кемесінің экипажы 40-тан астам ғылыми тәжірибе өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Союз ТМА-02М» ғарыш кемесінің экипажы 40-тан астам ғылыми тәжірибе өткізеді

«Союз ТМА-02М» ғарыш кемесінің экипажы 40-тан астам ғылыми тәжірибе өткізеді

Бүгін «Космонавт» қонақ үй кешенінде «Союз ТМА-02М» ғарыш кемесінің экипажы ұшу алдындағы дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізді.

  • 7 Маусым 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Ғарышкерлер мен астронавтар Халықаралық ғарыш стансысында кезекті ғарыш экспедициясының ұшуын бекітетін мемлекеттік комиссия отырысынан кейін журналистермен кездесті.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Волков, американдық астронавт Майкл Фоссум мен жапондық автронавт Сатоши Фурукава, сондай-ақ олардың дублерлері Олег Кононенко, Дональд Петтит, Андрэ Кауперс бар негізгі экипаж Халықаралық ғарыш стансысында атқаратын жұмыстарының бағдарламасы туралы айтып өтті.

Ресейғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, 28-ші ұзақ экспедиция кезінде стансының ресейлік сегментінде 40-тан астам ғылым тәжірибе өткізу жоспарлануда.

«Союз ТМА-02М» ұшу кемесі бар «Союз-ФГ» ғарыш зымыраны Астана уақыты бойынша 2011 жылдың 8 маусымы күні 2 сағат 12 минутта аспанға ұшырылады.

Соңғы жаңалықтар