"Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері пилотты корабльде жаттығулар өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері пилотты корабльде жаттығулар өткізді

"Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері пилотты корабльде жаттығулар өткізді

Байқоңыр. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" -"Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері пилотты корабльде жаттығулар өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 341
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертең Байқоңырда «Союз ТМА-13» ғарыш кемесінің негізгі экипажы — Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-13» командирі — Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, «Союз ТМА-13» бортинженері — Эдвард Майкл Финк (АҚШ), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Ричард Гэрриот (АҚШ), сондай-ақ, дублерлер — Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) №254 алаңның монтаждық-тексеру корпусында «Союз ТМА-13» ғарыш кемесінде жаттығу жасады.

Жаттығу барысында негізгі және қосалқы экипаж мүшелері скафандрларды киіп көріп, ұшу-қону орындықтарын, байланыс жүйелерінің жұмысы мен ғарыш кемесіндегі құралдардың орналасуын тексеріп көрді.

Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар