Бұл туралы Ресейғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Союз-2.1» зымырантасымалдағышын ұшыруға дайындау барысында анықталған ескертулерді жою қажеттілігіне байланысты, Мемлекеттік комиссияның шешімімен зымыранның сапары резервтік датаға ауыстырылды», делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 11 шілдеде Байқоңырдан ұшатын болған зымыранның сапары, кабельдік-май құю діңгегінің түйіспеуі салдарынан кейінге ысырылған болатын.