"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу алаңына шығарылды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу алаңына шығарылды

"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу алаңына шығарылды

"Союз-ТМА-3" ғарыш кораблімен түйістірілген "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы бүгін, 16-қазанда Байқоңыр ғарыш айлағының құрастыру және сынақ корпусынан ұшу алаңына шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Росавиакосмос агенттігінің ресми сайтында жарияланған хабарламадан мәлім болды.

  • 16 Қазан 2003
  • 467
Фото - Caravan.kz

Экипаж құрамында Ресейлік ғарышкер Александр Калери, НАСА астронавты Майкл Фоэл, Еуропалық ғарыштық агенттігінің ғарышкері, испандық Педро Дукелерді алып ұшатын пилотты ғарыш кемесін Халықаралық Ғарыш станциясына ұшыру 18-қазан, сенбіге белгіленген.

«Союз-ТМА-3» ғарыш кемесі- ресейлік констукторлардың ең соңғы туындысы. Бұған дейінгі үлгілерден оның айырмашылығы, ғарыш кемесі соңғы дәуірдің комьютерлік басқару тетігімен жабдықталып, кеме ішіндегі жағдай мейлінше жанға жайластырылған. Онда тіпті бойы 2 метрлік алып ғарышкерлердің өзін Халықаралық Ғарыш станциясына жанын қинамай жеткізетін жаңа орындық-ложементтер орнатылған.

Соңғы жаңалықтар