«Кейінгі екі қону да баллистикалық жағдайда өткендіктен, біз осы жолы да қатты алаңдаған едік. Бірақ бәрі айтар жоқ табысты өтті. Аппарат дәлме-дәл уақытта келіп қонды. Мұндай табысты қонуды мен білмеймін. Ғарышкерлер өздерін жақсы сезінуде «, — деді А. Перминов.
Роскосмостың хабарлауынша, Сергей Волков пен Олег Кононенконың экипажы бірегей операцияны жүзеге асырып, жоспардан тыс ашық ғарышқа шағып, пиротехникалық патронды алуды іске асырды. С.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясы мамандарыынң пайымдауынша, осының алдындағы «Союза ТМА-11″ экипажының баллистикалық қонуына дәл осы патрон әсер еткен».
2008 жылдың 24 қазанында Мәскеу уақытымен 4 сағат 16 минут 18 секундта «Союз ТМА-12″кораблі Халықаралық ғарыш станциясынан бөлініп, дербес ұшу режиміне көшті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана уақытымен сағат 09.36-да бүгін «Союз-ТМА-12» кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласынан солтүстікке қарай 90 шақырымға белгіленген ауданға келіп қонды.
«Союз-ТМА-12» кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко мен ғарыштық турист Ричард Гэрриотты алып Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды.
Ғарышкерлердің қонуын 3 ұшақ, 12 Ми-8 тікұшағы, 6 іздестіру-көшіру машинасы мен 9 қосалқы техника қамтамасыз етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті