"Союз-ТМА-12" пилотты кораблінің түсірілетін аппаратының қонуы айтар жоқ табысты болды - Роскосмос - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз-ТМА-12" пилотты кораблінің түсірілетін аппаратының қонуы айтар жоқ табысты болды - Роскосмос

"Союз-ТМА-12" пилотты кораблінің түсірілетін аппаратының қонуы айтар жоқ табысты болды - Роскосмос

Байқоңыр. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Союз-ТМА-12" пилотты кораблінің түсірілетін аппаратының қонуы айтар жоқ табысты болды. Бұл туралы Роскосмос басшысы Анатолий Перминов қонуға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресей ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қазан 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі екі қону да баллистикалық жағдайда өткендіктен, біз осы жолы да қатты алаңдаған едік. Бірақ бәрі айтар жоқ табысты өтті. Аппарат дәлме-дәл уақытта келіп қонды. Мұндай табысты қонуды мен білмеймін. Ғарышкерлер өздерін жақсы сезінуде «, — деді А. Перминов.

Роскосмостың хабарлауынша, Сергей Волков пен Олег Кононенконың экипажы бірегей операцияны жүзеге асырып, жоспардан тыс ашық ғарышқа шағып, пиротехникалық патронды алуды іске асырды. С.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясы мамандарыынң пайымдауынша, осының алдындағы «Союза ТМА-11″ экипажының баллистикалық қонуына дәл осы патрон әсер еткен».

2008 жылдың 24 қазанында Мәскеу уақытымен 4 сағат 16 минут 18 секундта «Союз ТМА-12″кораблі Халықаралық ғарыш станциясынан бөлініп, дербес ұшу режиміне көшті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана уақытымен сағат 09.36-да бүгін «Союз-ТМА-12» кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласынан солтүстікке қарай 90 шақырымға белгіленген ауданға келіп қонды.

«Союз-ТМА-12» кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко мен ғарыштық турист Ричард Гэрриотты алып Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды.

Ғарышкерлердің қонуын 3 ұшақ, 12 Ми-8 тікұшағы, 6 іздестіру-көшіру машинасы мен 9 қосалқы техника қамтамасыз етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар