"Союз-ТМА-5" пилотты ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз-ТМА-5" пилотты ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді

"Союз-ТМА-5" пилотты ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді

16-тамызда Байқоңыр ғарыш айлағына "Союз-ТМА-5" пилотты ғарыш кемесі жеткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2004
  • 495
Фото - Caravan.kz

Қазір айлақтың 254 алаңында пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. «Союз-ТМА-5» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясында 6 айдай жұмыс істеген Геннадий Падалка мен Майкл Финктің орнына 10-шы негізгі экспедиция құрамындағы халықаралық ғарышкерлер экипажын жеткізеді. Экипаж құрамында Ресейлік Сәлижан Шәріпов пен АҚШ-тық NASA ғарышкері Лерой Чиар бар.

«Союз-ТМА-5» пилотты ғарыш кемесін ұшыру 9-қазанға межеленген.
Сондай-ақ, «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ғарыш айлағына «АМС-15» ғарыш аппараты — АҚШ телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді.
95-алаңның монтаждау және сынақ ғимараттарында «АМС-15» ғарыш аппараты мен «Протон» зымыран тасығышын ұышырылымға дайындау жұмыстары басталды. «Протон» зымыран тасығышы «АМС-15» ғарыш аппаратын 15-қыркүйекте жер орбитасына алып ұшады деп жоспарланған.

Перейти к новостям спорта